11 қараша 2014 | 22:43

Қостанайда алты автокөлік жер астына түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kstnews.kz ©kstnews.kz

Қостанай қаласында кезекті коммуналдық апат болды. 11 қараша күні таңертең Герцен және Қорған көшелерінің қиылысында бірнеше машина жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды "Костанайские новости".


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай қаласында кезекті коммуналдық апат болды. 11 қараша күні таңертең Герцен және Қорған көшелерінің қиылысында бірнеше машина жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

"Таңғы сағат жеті шамасында бұл жерге бірден бірнеше машина түсіп кетті. Шұңқырда бусик жатыр, артқы дөңгелектері шошайып тұр. "Нива", Audi, қасында "шестерка", тіпті, құбыр жөндеушілердің автобусы да осы жерге түсіп кеткен. 7-ден 8-ге дейін алты машина түсіп кетті!" - дейді бағытты автобус жүргізушісі Вадим.

Өткен аптада төтенше оқиға болған көшеде жаңа құбырлар орнатылған. Автобус жүргізушісінің айтуынша, шұңқыр өткен жұма не сенбі күні көмілген.  

"Біз сол кезде мұның жақсылыққа апармайтынын айтқан едік. Ол кезде жер қатып жатты, қазір бәрі опырылды. Олар құм төсеген еді, трактор қатқақтың үстімен сеуіп өтті, сонымен бәрі бітті. Бұл жерден тек трактормен ғана жүруге болады, мен автобуспен жүруге қауіптендім. Жер жібісе, астына түсіп кетеді деп едік, міне, мұз еріп, түсіп кетті", - деді Вадим.

Оқиға орнына "Қостанай Су" МҚК жұмысшылары келді. Олар қауіпті учаскені қызыл таспамен қоршап қойды, шұңқырға құрғақ бұталарды тығып кетті. Жұмысшылардың бірінің айтуынша, апат ауданында суық су ажыратылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети