Қостанайда автобус жолаушылары қалта ұрысы деген адамды сабап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда автобус жолаушылары қалта ұрысы деген адамды сабап тастаған © "ВКонтакте"/Анастасия Котова

Қостанайда 21-бағыттағы автобус жолаушылары қалтаға түсетін ұры болуы мүмкін адамды автобус салонында ұстады, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда 21-бағыттағы автобус жолаушылары қалтаға түсетін ұры болуы мүмкін адамды автобус салонында ұстады, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары".

Куәгерлердің бірі көк күрте киген ер адамның қалтадан әмиан ұрламақ болғанында ұсталғанын жазыпты. Бұл жағдай бірден жанжалға ұласып, аялдамада арты төбелеспен аяқталған. Жолаушылардың көпшілігі мұндай оқиғадан аңтарылып қалған көрінеді.  

Кей мәліметтер бойынша, полиция келгенше адамдар ұры деп күдіктенген адамды соққыға жыққан. 

Болған жағдайға байланысты басылым Қостанай тұрғындарына қоғамдық көліктерде заттарына сақ болуға шақырды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети