28 сәуір 2015 | 09:20

Қостанайда далалықта 5 күн бойы адасып жүрген жасөспірім табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©forum.awd.ru ©forum.awd.ru

Қостанай облысында алалықта 5 күн бойы адасып жүрген жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында алалықта 5 күн бойы адасып жүрген жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 сәуірде кешкі уақытта Рязановка ауылындағы үйінен шығып кетіп, табылмаған 14 жастағы Михаил Ольмезовті тәртіп сақшылары бес күн бойы іздестірген. Іздеу топтары, іздеу иттері, тіпті ұшақ та жұмылдырылған. Жасөспірім, оның анасының айтуынша, үйінен бұған дейін бірнеше мәрте қашып кетпекші болған.

Қостанайдағы аудандық ішкі істер департаментінің басшысы Марат Есіргеповтің айтуынша, жоғалып кеткен баланы табуға жергілікті тұрғындар мен құтқару қызметінің қызметкерлері көмектесті. Адамдар соңғы рет оның велосипед теуіп бара жатқанын айтқан. Жасөспірім Майкөл ауылынан Қостанайға қарай бағыт алған", - деді Есіргепов.

Жасөспірім Арман ауылының маңында табылды. Тәртіп сақшылары су бөгетіне қарай әлі кетіп, еңбектеп бара жатқан баланы көріп қалған. "Жақын келгеннен кейін Мишаны таныдық. Ол жаңбырдан қатты тоңыпты. Қызметтік көлікті жылытып, аудандық ауруханаға жеткіздік", - деді полицейлер.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай Ақтөбе облысында өткен жылдың қараша айында болған еді. Далалықта төрт күн адасқан оқушы бала қойдың жаңа іздерімен жүріп аман қалған. Оқушы бала ат үйретемін деп жүріп, ауылдан алыстап кетіп адасқан. Бала тірі қалу үшін өзін атқа байлап қояды. Онымен сөйлескен әкімнің айтуынша, сол кезде жасөспірім асып-саспаған, керісінше, жақын елді мекендерге адаспай жол табуды ойлаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети