10 ақпан 2017 | 01:04

Қостанайда екі бала өлім ойыны үшін өзін-өзі өлтірмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда екі бала өлім ойындарының әсерінен өзін-өзі өлтірмек болған. Бұл мәліметті "Алау" басылымына Қостанай облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов растады.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда екі бала өлім ойындарының әсерінен өзін-өзі өлтірмек болған. Бұл мәліметті "Алау" басылымына Қостанай облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов растады.

"Қазіргі уақытта Instagram мен "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінің қолданушылары арасында адам өміріне зиян келтіретін және өлімге әкелетін ойындар кеңінен таралып жатыр. Қостанайдағы екі мектеп оқушысы Интернеттегі өлім ойындарының әсерінен өзін-өзі өлтірмек болды. Олар - 2003 жылғы балалар. Жасөспірімдердің бұл әрекетіне тосқауыл қоя алдық", - деді Қайрат Жүсіпов.

6 ақпанда Қостанай қалалық ІІБ қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") тергеу жұмыстарын бастады.

"Балалар "Синий кит", "Беги или Умри", "Разбуди меня" және тағы да басқа ойындарға қатысып жатыр. Біз барлық ата-анадан балаларының интернет-ресурстарды қолдануы кезінде бақылауды күшейтуін сұраймыз", - деді облыстық прокуратура басқармасының басшысы.

Еске салайық, Желіде "Синий кит" ойынының мән-жайы айтылған мәліметтер тараған еді. "Контакте" желісіндегі осындай топтардан жасөспірімдерді белгісіздер ойын ойнауға шақырған. Бұл ойынның шарты бойынша, 50 тапсырма орындалуы тиіс, ал ең соңғысы суицид жасау. Ал ойыншы қарсы болса, ұйымдастырушылар оның ата-анасын өлтіріп кетемін деп қорқытатын көрінеді. Сондай-ақ, жақында Ақтауда жетінші сынып оқушысы "Синий кит" ойынына кіріп, қолын тілгілеп тастаған еді. Басқармадағылардың айтуынша, 13 жастағы бала тілгілеп тастаған қолының суретін ойынның "әкімшісіне" жолдаған.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети