Қостанайда ер адам әйелін бірнеше рет пышақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қостанайда полицейлер үйінің ауласында әйеліне пышақпен шабуыл жасаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда полицейлер үйінің ауласында әйеліне пышақпен шабуыл жасаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның белгісіз бағытта, көлікпен қашып кеткендігін анықтады. Көліктің маркасы мен нөмірін оқиға куәгерлері көріп, полицейлерге хабарлады. Дереу полиция нарядтары бағдарланып, облыс орталығының аумағында "Ұстап алу" жоспарын енгізу туралы шешім қабылданды.

"Бейнебақылау камераларын қарау барысында жедел басқару орталығы инспекторы Тойгуль Жанатова көшелердің бірінде Geely көлігін көрді. Полицейлердің келісілген әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталды. Одан пышақ табылды. Қазіргі уақытта, 41 жастағы әйел қалалық ауруханаға жатқызылды. Қостанай облысы ПД осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-тармағының (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады" - деп хабарлайды Қостанай қаласының полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети