24 тамыз 2017 | 14:26

Қостанайда ер адам қызды ақшамен алдап алып кетпекші болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының тұрғыны alau.kz редакциясына белгісіз бір ер адамның оның қызын алдап алып кетпекші болғанын хабарлаған.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының тұрғыны alau.kz редакциясына белгісіз бір ер адамның оның қызын алдап алып кетпекші болғанын хабарлаған.

Басылымның мәліметінше, бұл оқиға МАИ жақта Жамбыл көшесі №89, 90 үйлердің ауласында болған. 102 нөміріне келген хабарламаны Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

"Қызым бүгін осындай жағдай болды деп бәрін айтып берді. Бүгін бір ер адам қызыма 100 000 теңге ұсынып, одан аквапарке бірге баруын сұраған. Қызым болса қашып кеткен. Сосын полицейлер келді. Сондықтан да барлығына жан-жаққа қарап жүрулерін сұраймын, балаларымен әңгімелесіңіздер, қасында кімнің бара жатқанын қараңыздар. Мүмкін ер адам біреудің баласын алып кетіп бара жатқан шығар. Түрлі жағдайлар болуы мүмкін", - дейді қыздың анасы.

"Қостанай облысының тұрғынынан хабарлама келді. Ол белгісіз біреудің қызын алып кетпекші болғанын хабарлады. Ер адамның қызға ақша ұсынып, аквапаркке шақырғанын айтты. Қыз қашып кеткен. Біздің полицейлер оқиға орнына барды", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Сол аумақтар тексерілді, алайда ер адам әлі ұсталмады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети