Қостанайда ер адам Байтұрсынов көшесінің бойындағы ғимараттың шатырынан секірмек болған, - деп хабарлайды Алау.
Қостанайда ер адам Байтұрсынов көшесінің бойындағы ғимараттың шатырынан секірмек болған, - деп хабарлайды Алау.
Оқыс оқиға 14 тамызда сағат 21.00-де болған. Ер адам ғимараттың төбесінде бір жақ бұрышында тұрып, біреумен сөйлесіп жатқаны көрінеді. Бір мезетте ол шеттен шығып кетеді. Жанында тұрған адам дер кезінде қолынан ұстап қалып, жоғары қарай тартып алған.
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, оқиға туралы хабар сағат 21.00-де түскен. Оқиға орнынан учаскелік инспектор Азамат Шериаданов барған, сонымен қатар, жедел жәрдем мен ТЖ қызметкерлері де тартылған. Полицей оны төменге қарай түсірген.
Ер адамның мұндай іске не себепті барғанын анықтау үшін полицейлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ер адам 1992 жылы туған. Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша ол сол кезде мас болған және ғимараттың төбесінде тұрып, төменде тұрған біреумен оны үйінен қуып жібергенін айтып, жанжалдасып тұрған.
Сурет пен видео: Alau.kz