Қостанайда эвакуатордағы көлікке жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда эвакуатордағы көлікке жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынған

Қостанайда эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке айыппұл салынды. Бұл туралы "Наша газета" басылымының Telegram-арнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке айыппұл салынды. Бұл туралы "Наша газета" басылымының Telegram-арнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 12 ақпанда болған. Көлік иесінің айтуынша, әйелге жылдамдықты асырғаны үшін екі рет айыппұл салынған. Алайда жол қозғалысы ережесін бұзды деген уақытта көлік бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдайтын эвакуатордың үстінде болған. Оның үстіне, бұны камераның өзі де түсіріп алған.

"Түбіртекте көлік бірінші айыппұлда сағатына 13 шақырымға, екіншісінде 12 шақырымға жылдамдықты асырғаны көрсетілген. Әрбір тәртіп бұзу үшін айыппұл 17 250 теңге болады. Бұл ретте айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болады. Онда сома 8625 теңге болады", - деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети