Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері күмәнді сөмке үшін эвакуацияланған - ІІД

06 Қыркүйек 2016, 14:29
0
Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері күмәнді сөмке үшін эвакуацияланған - ІІД - Куәгер жолдаған сурет
Куәгер жолдаған сурет

Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің өкілдері халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында адамдарды неліктен эвакуациялағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІД мәліметінше, ғимаратта күмән туғызған сөмке табылған.

"2016 жылдың 6 қыркүйегінде Қостанай қалалық ІІД жедел басқарма орталығының 102 пультіне халыққа қызмет көрсету орталығынан залда пакеттің жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Қостанай облыстық жедел-тергеу тобы барып, пакеттің ішін тексеріп шықты. Онда келушілердің біреуі ұмытып кеткен пакет болған", - деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі. Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын тексеріс аяқталған соң, яғни 20 минуттан соң жалғастырды.

Осыған дейін Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталығы қоршауға алынғаны хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, шамамен сағат 12.30-да халыққа қызмет көрсету орталығына келген адамдар мен орталықтың қызметкерлері эвакуацияланған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай