26 шілде 2015 | 21:10

Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 13 жастағы бала қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kstnews.kz ©kstnews.kz

Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 13 жастағы бала қаза тапты. Оқиға 25 шілдеде кешкі уақытта болды. Куәгерлердің айтуынша, бала жаяу жүргіншілер жолынан өтуге шақ қалғанда оны Audi автомобилі басып кеткен. Оның жылдамдығының жоғары болғаны соншалықты, көлік баланы бірнеше метрге дейін сүйреп, қақпаға соқты, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары".


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 13 жастағы бала қаза тапты. Оқиға 25 шілдеде кешкі уақытта болды. Куәгерлердің айтуынша, бала жаяу жүргіншілер жолынан өтуге шақ қалғанда оны Audi автомобилі басып кеткен. Оның жылдамдығының жоғары болғаны соншалықты, көлік баланы бірнеше метрге дейін сүйреп, қақпаға соқты, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары".

"ТЖ Маяковский көшесінің бойында, дөңгелек жөндеу маңында болды. Баланы өліп жатты, мен оның жанынан өттім. Бәрі көз алдымнан өтті. Жанымда тағы бір адам болды, екеуміз баланы көлік астынан шығаруға тырыстық, ал жүргізуші болса біз оларға айғайламайынша өз беттерімен жолаушысымен бірге мас күйінде тұрды, жедел жәрдем 15 минуттан кейін келді. Баланың қолында добы бар, бір жерге кетіп бара жатты, оның соңғы көргені мен болдым... Жарақатынан өліп кетті. Жүргізуші болса адамды қағып кеткенін байқаған да жоқ. Адам баласын қақпаға соққаннан кейін жолаушысымен бірге көлігінде отыра берді, мен айғайлай бастадым... Тағы бір қадам бері жүргенде мен де өліп кетер ме едім. Анасының қалай айғайлағанын, ағасының қалай айғайлағанын көрсеңіздер, олар жедел жәрдемнен бұрын келді. Осыдан кейін адамгершілік жайында қалай айтасыздар? Бұл оқиға ұмытылар емес. Бала менің көз алдымда жан тапсырды...", - деп жазды куәгер "ВКонтакте" желісіндегі парақшада.

Облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Юрий Панасенконың айтуынша, жол апатын жасаған адам 39 жаста. Оның мас күйде болғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. "Мен оқиға маңында кетіп бара жаттым, - дейді Юрий Панасенко. - Айыптыны көрмедім. Баланың туыстары оны көше бойында жазаламауы үшін тәртіп сақшылары әкетіп қалды. Баланың әкесін көрдім, ол жол бойында бетін қолымен жауып отырды, жылап жатты. Оған туыстары көмек көрсетіп жатты. Нағыз қасірет".

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети