Полицейлер Қостанайда спорт алаңдарының бірінде төбелес шығарған әйелді анықтады, - деп хабарлайды "Костанайские новости".
Полицейлер Қостанайда спорт алаңдарының бірінде төбелес шығарған әйелді анықтады, - деп хабарлайды "Костанайские новости".
Айта кетейік, төбелестің видеосы осыған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, алаңда жасөспірімді ұрып-соққан әйел облыстық балалар ауруханасында жұмыс істейді, 39 жаста. Әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (" Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Таяуда іс материалдары әкімшілік сотқа жолданады.
Видеода алаңда ойнап жүрген жасөспірім мен әйелдің арасында болған оқиғаны көруге болады. Ол алаңда велосипед теуіп жүрген, бірақ бірде бір әйел оған бас салып, айғай шығара бастайды. Онда тағы бірнеше әйелді көруге болады. Әйелдер бұл алаңда балаларының ойнап жүргеніне байланысты жасөспірімнің велосипед тебуіне қарсы болған.