21 тамыз 2017 | 12:26

Қостанайда жастар үйлену тойы күні жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

Қостанайда жас жұбайлар үйлену тойы болатын күні жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Alau.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда жас жұбайлар үйлену тойы болатын күні жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Alau.kz.

Жол-көлік оқиғасы туралы куәгер айтып берді. Қыздың айтуынша, оқиға 19 тамызда Ленинград пен Садовая көшелерінің қиылысында болған. Сол сәтте далада қыздың үш жасар баласы мен әжесі жүрген.

"Олар далаға шығып, есік алдында тұрған. Бірде меңің көз алдымнан ВАЗ 2114 көлігі ұшып өтті. Жол бойында тұрған белгіні елемей өткен ВАЗ KIA көлігіне барып соғысты. Ал KIA біздің "Ниваға" соқтығысты. Көлігіміз есік алдында тұрды. Біз дәл сол жерде тұрғанда аман қалмас едік", - дейді куәгер.

Қыздың айтуынша, KIA көлігінде жігіт пен оның қалыңдығы және олардың куәгерлері отырған. Олар мейрамханаға неке қию рәсіміне бара жатқан екен.

"Жігіт ес-түссіз жатты, қалыңдықтың үсті-басы қан, айғай, шу. Жігітті үйге кіргізіп, жатқыздық. Куәгерлер қатты шошып қалған. Күйеу жолдас су ішемін деп шығып, талып қалды. Жедел жәрдем шақырдық. Содан жастардың туыстары келді. Бүгін хабарласып, алғыс айтты. Біздің орнымызда болған кез келген адам оларға көмектесер еді", - дейді куәгер.

"Жігіт пен қалыңдығы және күйеу жолдастың миы шайқалып, жарақаттар алды. Әрине, той кейінге қалды. Қонақтардың барлығы шошып қалды. 3 минутта мейрамханаға барып қалар едік, бірақ жете алмадық", - дейді қыз жолдас Гүлшат.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети