Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны жауыздықпен өлтірілуіне оның кәсіби қызметі себеп болуы мүмкін. Бұл оқиғаға қатысты жеке тергеу жүргізіп көрген "Наша газета" журналистері осындай пайымға келіп отыр.
Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны жауыздықпен өлтірілуіне оның кәсіби қызметі себеп болуы мүмкін. Бұл оқиғаға қатысты жеке тергеу жүргізіп көрген "Наша газета" журналистері осындай пайымға келіп отыр.
Соңғы уақытта Сандыбаева сот-психиатриялық сараптама амбулаториясының жетекшісі болған. 20 ақпанда белгісіздер 59 жастағы әйелді өз пәтерінде өлтіріп кеткен.
Басылым өзінің мәлімет көзіне сілтеме жасап, дәрігердің 30 жерден пышақталғанын жазады. Қылмыскер үйден құнды ештеңе алмаған, осы жағдай қылмыстың себебін өздігінен танытып тұрғандай.
Дәрігерді өлтіруге сот-психиатриалық сараптамадағы қызметі себеп болғаны туралы Сандыбаеваның көптеген әріптестері де айтып отыр.
Оқиға болған күннің ертесінде журналистер дәрігер тұрған көпқабатты үйге барып, көршілердің үрейленгенін байқайды. Олар тіпті есік те ашқысы келмейді.
Сандыбаеваның өлі денесін жүргізушісі анықтаған. Уақытынан кешікпейтін дәрігерді 10 минут күтіп қалған ол пәтерге көтерілген. Сөйтсе үйдің есігі ашық тұрған.
Оқиғадан кейін полицейлер үйдегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап шыққан. Онда бетін бүркеген екі ер адамның үйге қарай келе жатқаны байқалады.
Журналистер көршілерімен сөйлесе келе, мынадай түйінге келеді: "Сандыбаева өте сақ адам болған, сондықтан ол таныс адамына ғана есік ашқан болуы мүмкін. Немесе дәрігердің күн тәртібін білетіндер ол үйден шығып келе жатқанда басып кірген болуы мүмкін".
Аймақтық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Рашида Сандыбаеваның өліміне қатысты қылымыстық іс қозғалғанын айтады.
Рашида Сандыбаева бүгін 23 ақпанда жер қойнына тапсырылады.