Қостанай теміржол вокзалының перронында полицей жолсерікті ұстады. Оқиғаның видеосын куәгерлер "Алау" редакциясына жолдапты.
Қостанай теміржол вокзалының перронында полицей жолсерікті ұстады. Оқиғаның видеосын куәгерлер "Алау" редакциясына жолдапты.
Оқиға 30 шілдеде болған. Куәгерлердің айтуынша, жолсерік Арқалық - Қостанай бағытындағы вагонның маңында тұрған. Ер адам жұртқа дөрекі сөйлеп, ашулы болған. Оған полицей келіп, үстінен арақ иісі шығып тұрғанын айтқан. Полицей оған бөлімшеге баруды сұраған. Алайда жолсерік оның айтқанына көнбей, ақыры күш қолдануға тура келген.
Осы дерек бойынша редакция Қостанай облыстық ІІД-ге сауалхат жолдады.