Қостанайда жүкті әйел автобуста қабырғасын сындырып алды, - деп хабарлайды Alau.kz.
Қостанайда жүкті әйел автобуста қабырғасын сындырып алды, - деп хабарлайды Alau.kz.
Оқиға 12 шілдеде болған. Басылымның мәліметінше, Дания Даниярова №8 бағыттағы автобусқа мінген. Жазатайым оқиғадан ол Қостанай қалалық ауруханасының травмотология пунктінен бірақ шыққан.
Сол күні жүктіліктің жетінші айындағы әйел жоспарлы түрде дәрігерге қаралуға бара жатқан. Автобус аялдамаға тоқтар кезде қыз тұрып жатқан. Зардап шеккен келіншектің айтуынша, автобус жүргізушісі үнемі үлкен жылдамдықпен жүріп, қайта-қайта дереу тоқтаумен болған. Тағы бір тоқтаған сәтте қыз құлап қалған.
"Автобуста отырған жолаушылардың ешқайсысы көмектеспеді. Жүргізуші айнаға қарап отырса да, көмектеспек түгіл кешірім де сұраған жоқ. Қатты ауырсынып, дым да дей алмадым. Баламның амандығын тілеумен ғана болдым", - деді ол.
Ал ауруханада оған "Кеуде қуысының зақымы және оныншы қабырғасының сынуы" диагнозын айтқан. Абырой болғанда баланың жағдайы жақсы екен.
"Жүргізушінің кешірім де сұрамағаны қынжылтады, жағдайым мүшкіл болуы мүмкін еді ғой. Оны іздемедім де, енді автобуспен жүруден қаймығып қалдым", - дейді зардап шеккен келіншек.
Данияның айтуынша, дәрігерлер оған жүктілігіне байланысты ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек бермеген, сондықтан ауыртпалыққа шыдап жүруге тура келген.