Қостанайда жүргізуші ер адам ғимаратқа барып соғылып, оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Alau.kz.
Қостанайда жүргізуші ер адам ғимаратқа барып соғылып, оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Alau.kz.
Басылымның мәліметінше, полицейлер қазіргі уақытта Қостанай-Ұзынкөл тасжолында болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Жол апаты 20 сәуірде Қостанай-Ұзынкөл тасжолының 125-шақырымында болған.
"33 жастағы ер адам Daewoo Nexia көлігімен келе жатып, ғимаратқа барып соғылған. Нәтижесінде көлік өртеніп кеткен. Жүргізуші оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Басылымның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.