Қостанайда жүргізушісіз көлік зейнеткерді қағып кетті, - деп хабарлайды alau.kz.
Қостанайда жүргізушісіз көлік зейнеткерді қағып кетті, - деп хабарлайды alau.kz.
Автотұрақта тұрған көлік ылдиға қарай жүріп кетіп, зейнеткерді қағып кеткен. Салдарынан қария көз жұмған. Бұл туралы alau.kz редакциясына куәгерлер хабарлады.
Қостанай облысының ІІД-нің өкілдері бұл деректі растап отыр.
"Қостанай қаласының 74 жастағы тұрғынының өліміне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға 17 шілдеде Қарбышев көшесінде болған. Медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.
Қаза болған зейнеткердің автотұрақта күзетші болып жұмыс істегені белгілі болды.