03 қаңтар 2018 | 08:38

Қостанайда қарт кісі анасына шабуыл жасаған ұлын өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Қостанай облысында 77 жастағы зейнеткер қарт анасына шабуыл жасаған ұлын өлтірді, - деп хабарлайды "Алау" порталы Жітіқара аудандық прокурорының орынбасары Руслан Өмірзақовқа сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында 77 жастағы зейнеткер қарт анасына шабуыл жасаған ұлын өлтірді, - деп хабарлайды "Алау" порталы Жітіқара аудандық прокурорының орынбасары Руслан Өмірзақовқа сілтеме жасап. 

Оқиға 28 желтоқсанда болды. Кенеттен шыққан жанжал салдарынан 45 жастағы ер адам анасына ас пісіретін табамен анасынаың басынан және денесінен бірнеше рет ұрған. Осыдан кейін ол 77 жастағы әкесіне де "өлтіремін" деп қоқан-лоқы көрсеткен. 

"Ұлының әрекетіне ашуға булыққан әкесі жанында тұрған зілбалғамен ұлының басынан бірнеше рет ұрған. Оқиға салдарынан ер адам қайтыс болды. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 102-бабы ("Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру")  бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді Жітіқара аудандық прокуратурасының өкілі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети