24 шілде 2019 11:19

Қостанайда көліктер соқтығысты: 2 адам қаза тапты

© ng.kz

Қостанай облысында тасжолда жол-көлік оқиға тіркелді. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты және төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында тасжолда жол-көлік оқиға тіркелді. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты және төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары"

Оқиға 23 шілдеде шамамен 18:00-де Қостанай - Сарыкөл автоджолының 10-шы шақырымында болған. Екі көлік соқтығысты. 

Реклама
Реклама

Volkswagen Golf маркалы автокөліктің 65 жастағы жүргізушісі Қостанай бағытында бара жатып, жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп (болжаммен рөлде ұйықтап кеткен), Mazda көлігімен соқтығысқан. Жапондық көліктің тізгінінде 53 жастағы ер адам болған. 

Жол апаты салдарынан Mazda көлігін басқарған жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Mazda салонында отырған төрт жолаушы әр түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. 41 жастағы жолаушы ауруханада қайтыс болды. 

Осы дерекке қатысты тергеу шаралары басталды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram