Қостанайда Lexus жүргізушісінің пиццерияға соғуы: жол апатының мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда Lexus жүргізушісінің пиццерияға соғуы: жол апатының мән-жайы айтылды Фото: instagram.com/ng.kz_

Полицейлер пиццерияға соғылған Lexus көлігіне қатысты жол апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер пиццерияға соғылған Lexus көлігіне қатысты жол апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, 24 жастағы Lexus жүргізушісі жол ережесін бірнеше рет бұзған. Сөйтіп, жыл басынан бері жылдамдықты бес рет асырған. Соңғы рет мұндай заңбұзушылық апаттан бір күн бұрын тіркелген.

"Бұған дейін ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке, оның ішінде жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережелерін бұзып, материалдық шығын келтіргені үшін жауапкершілікке тартылған. Бұл факт бойынша барлық қажетті сараптама тағайындалды. Қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын анықтау үшін жүргізушіден қан анализі алынды", - деді ПД бастығының орынбасары Виталий Цой.

Полицейлердің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші ес-түссіз болған. Соққы салдарынан пиццерия ғимаратындағы пеш өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер өртті он бес минутта сөндірді.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы аялдамада жол апаты болған еді. Lexus көлігінің жүргізушісі Абай даңғылымен келе жатып, қатты жылдамдықпен пиццерияға кіріп кеткен. Қоғамдық тамақтандыру нысаны аялдамаға жақын орналасқан. Жүргізуші мен қызметкерлер ауруханаға жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети