06 қаңтар 2018 | 15:27

Қостанайда мас полицей жол апатын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Alau.kz © Alau.kz

Қостанайда мас полицей жол апатына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда мас полицей жол апатына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы 4 қаңтарда сағат 00:42 шамасында "102" пультіне Гоголь көшесінің бойында "Лифан" және "ВАЗ-2115" автокөліктерінің соқтығысқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жол-патрульдік полиция қызметкерлері жетті.

Гоголь көшесімен Баймағамбетов көшесіне қарай бет алған "ВАЗ-2115" автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі алдағы көлікпен арадағы қашықтықты сақтамай, "Лифан" автокөлігіне соғылғаны анықталды, оны 31 жастағы ер адам басқарған. Полицейлердің хабарлауынша, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Жүргізілген сараптамалардың нәтижесі бойынша, "Лифанның" жүргізушісі мас болмаған, ал "ВАЗ" жүргізушісі - мас. "ВАЗ-2115" автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі полиция қызметкері болған", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі таңда жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚК 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды және қызметтік тергеу жүріп жатыр. "Қазір оған қатысты жеке қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Қызметкердің бұдан кейінгі тағдыры тексеру нәтижелеріне сәйкес шешіледі", - деді ІІД мамандары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети