23 ақпан 2015 13:32

Қостанайда полицейдің бетінен ұрған азамат сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қостанайда мас күйінде "Рубеж" полицей бекетінде полицеймен төбелескен ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанайда мас күйінде "Рубеж" полицей бекетінде полицеймен төбелескен ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының Қарабалық аудандық соты 30 жастағы Кузьмичевке қатысты шешім шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бойынша айыпты деп танылды. Оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, ол сол бір жылдың ішінде пробациялық бақылауда болады.

Облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады. Ер адам Ресейден келе жатқан танысының жүк көлігімен жолай Қостанайға бармақшы болған. Олар Екатеринбург - Алматы тас жолында кездеспекші болыпты. Сотталған азамат танысына қоңырау шалу үшін "Рубеж" бақылау-өткізу бекетіне кіріп, оған хабарласа бастаған. Ер адам бекетте тұруға болмайтынын білмепті.

"Осы кезде "Рубеж" бекетінің ғимаратынан аға инспектор шыққан. Ол оған бөтен адамдардың ғимаратқа кіруіне болмайтынын айтып, шығуын өтінген. Кузьмичев мас күйінде құқық қорғау органының қызметкері, қызметтегі билік өкілінің бетінен ұрып жауап қайтарды", - делінген облыстық соттың баспасөз релизінде.

Жігіт қамауға алынып, медициналық куәландыруға жіберілді. Сот сотталған азаматқа оның тәртібін бақылаумен айналысатын уәкілетті органға хабарламай тұрып тұрғылықты жерін, жұмысын ауыстырмау міндетін артты. Сонымен қатар, осы мерзім аралығында түнгі уақытта бар, кафе мен мейрамхаларға баруға тыйым салды. Үкім заңды күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети