Қостанайда Әуе-десант әскерлері күні субұрқаққа шомылмақ болған төрт десантшы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанайда Әуе-десант әскерлері күні субұрқаққа шомылмақ болған төрт десантшы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2 тамыз күні Орталық саябақта жолақ жейде киген ер адамдар субұрқаққа шомылмақ болды. Субұрқақта шомылуға тыйым салынған, ол туралы арнайы жақтаушада жазылған. Бірақ мас ер адамдар тыйымды ескермей, субұрқаққа түсуге әрекеттенді", - делінген таратылған хабарламада. Әуе-десант әскерлері күні десантшылардың субұрқаққа шомылатын дәстүрі бар екенін айта кеткен жөн.
Әуе-десант әскерлері күні кезекшілік атқарған полиция қызметкерлері субұрқаққа түсуге болмайтынын ескерткен. "Төрт ер адам мас болды, олар полицейлердің ескертуіне құлақ аспады. Оқиға орнына келген полицияның қосымша күштері мас десантшыларды детоксикация орталығына жіберуді ұйғарды", - дейді департамент өкілдері.
Сараптама нәтижесінде десантшылардың орта деңгейде мас болғаны анықталды, оларға қатысты "Қоғамдық орында мас күйде болу" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заң бұзғандар айыппұл төлейтін болды.
Әуе-десант әскерлері күні басқа заңсыздықтар тіркелмеген. Айта кетейік, мұның алдында Интернетте 2 тамыз күні десантшылардың полицейлермен төбелесіп жатқаны түсірілген бейнежазба пайда болған еді. "Оқиға куәгерлері осы жағдайды ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Бірақ бейнежазбадан тәртіп сақшылары мен десантшылар арасында ешқандай төбелестің болмағаны анық көрініп тұр", - дейді ішкі істер қызметкерлері.