Қостанайда такси жүргізуші әйел әріптесін тонағандарды ұстап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© transport-journal.com © transport-journal.com

Қостанайда такси жүргізушісі болып істейтін әйел әріптесіне шабуылдағандарды ұстауға көмектесті, - деп хабарлайды "Наша газета".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда такси жүргізушісі болып істейтін әйел әріптесіне шабуылдағандарды ұстауға көмектесті, - деп хабарлайды "Наша газета".

Сәуірдің 27-не қараған түні ер адамдар телефон арқылы такси шақыртады. Алдымен олар бір қонақүйден екіншісіне жету керектігін айтады да, орта жолда райынан қайтып, жақын маңдағы ауылға жеткізіп тастауын сұрайды. Такси жүргізушісі тәжірибелі болғанымен, көлікке отырған ер адамдар еш күдік тудырмаған екен. 

Көлік қаладан шыға бергенде жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасаған. Олар жүргізушіні қауіпсіздік белбеуімен қылғындырып, ақша іздеп, көлікті ақтарған. Сол аралықта жүргізуші "дабыл батырмасы" басып үлгерген. Жақын маңда болған Анастасия Десятова бірден әріптесіне асыққан. 

Жақындап келе жатқан көліктің жарығын көрген қаскөйлер қолына түскен ақша мен видеотіркеуішті алып, оқиға орнынан қашқан. 

"Жүргізушіге алғашқы жәрдем жасадым. Сосын полицияға қоңырау шалдық. Ұзақ күттік - 20-25 минуттай. Мен қалаға қайттым, осы кезде тоғай арасынан екі адам шықты да, оларға үшіншісі қосылды. Стасқа қоңырау шалып, оларды сипаттап бердім. Шабуыл жасаған адамдар екенін айтты. Олар жол үстіне шығып үлгерді. Оларды қалайда бөгей тұру керектігін білдім. Жақындап келіп: жігіттер такси керек пе дедім. Керек деп жауап берді. Мен көлікті тура соларға қарай жүргізіп, бағанаға тақап тастадым. Патрульдік көліктің келе жатқанын көрдім де, көліктен шығып, оларды ұстадым. Қиын болған жоқ - үлкен емес, арық жігіттер", - дейді такси жүргізушісі. 

Қаскөйлердің бірі полицейлерге қарсылық көрсетіп, қашып үлгерген. Шабуыл жасағандардың ең қауіптісі де сол болған екен. Ал оның жолдастары қарсылық білдірмеді. 

"Олар жай ғана мас емес, есірткі қабылдап алған сияқты - көздері аларып тұрды", - дейді Анастасия Десятова. 

АІІБ-ге жеткізілгеннен кейін күдіктілер шабуыл жасағандарын мойындап, ақшаны қайтарып беретінін айтты. Ақша мен видеотіркеуішті олар тоғай арасына көміп үлгерген екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro