Қостанайда үй өртеніп, 7 жастағы қыз қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда үй өртеніп, 7 жастағы қыз қаза тапты Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов

Қостанайда жеке тұрғын үйде болған өрттен 7 жасар қыз қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жеке тұрғын үйде болған өрттен 7 жасар қыз қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда жеке секторда өрт шығып, 6 пәтерлі үйдің қабырғалары мен төбесі өртенді. Өрт сөндіру қызметі сағат 17:20-да шақырылды. Құтқарушылар төрт адамды өрттен алып шықты.

"Жалпы, 50 шаршы метр аумақ өртенген. 4 тұрғын эвакуацияланды. Жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл көмек көрсетті. Қалалық ауруханаға 1977 жылы туған пәтер иесі жеткізілді. Денесінің 80-88 пайызын ІІІ дәрежелі күйік шалған. Халі мүшкіл, жансақтау бөлімінде жатыр. Оның 46 жастағы күйеуінің беті мен қолы күйген. Осы отбасының жеті жастағы қызы жедел жәрдем көлігінде ауруханаға жетпей көз жұмды", – деп хабарлады Қостанай облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқару операциясы кезінде қонаққа келген 8 жастағы бала да құтқарылды.

Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ, оқиға орнында өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрт 18 сағат 23 минутта ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 26 ​​адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети