15 тамыз 2022 10:50

Қостанайдағы жол апаты: орындықтар мен шамдар қираған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қостанай облысы ПД Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанайда Mercedes жүргізушісі шамдар мен орындықтарды қиратып, жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда Mercedes жүргізушісі шамдар мен орындықтарды қиратып, жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қостанайдың орталығында болған. Көлік серуендеу алаңына кіріп кетіп, шағын архитектура пішіндерін қиратқан. Орындықтар, қоқыс жәшіктері мен шамдар темір үйіндіге айналған, ал көліктің өзі жөндеуге келмейтіндей. Полицейлер мәліметінше, жүргізуші көліктегі нөмірді алып, оқиға орнынан қашып кеткен. 102 пультіне жол апаты туралы сауда ойын-сауық орталығының күзетшісі хабарлаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наша Газета|Новости| Kostanay (@ng.kz_)

"Қазіргі уақытта жүргізуші қамауға алынды. ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы, 1-бөлігі "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соқтыра отырып бұзуы" және 611-бабы 2-бөлігі "Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы" бойынша көзделген әкімшілік іс жүргізу басталды", - деді Қостанай облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта жүргізушіге сараптама тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети