01 маусым 2023 10:48

Қостанайдағы қоқыс полигонында бір айда 10 рет өрт сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 24.kz Фото: 24.kz

Қостанайда осы айда тұрмыстық қалдықтар полигоны он рет сөндірілді. Жақын маңдағы ықшамаудандардың тұрғындары күйік саситын түтінге бірнеше рет шағымданған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.


Қостанайда осы айда тұрмыстық қалдықтар полигоны он рет сөндірілді. Жақын маңдағы ықшамаудандардың тұрғындары күйік саситын түтінге бірнеше рет шағымданған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Санитарлық қорғау аймағын эпидемиологтар тексерді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, олар полигонды тұрғын үй аумағынан ұзағырақ жерге көшірмейді. Аумақтық нормалар бұзылмаған. Бұл ретте экологтар полигонда жұмысын жалғастырып жатыр. Жақын арада олар қалдықтарды өңдеу бойынша қорытындысын береді.

Қазір полигонда өрттер сөндірілді. Жалпы өрт 10 гектар аумақты шарпыған. Жанып тұрған қоқыс топырақ, құммен жабылды. Бірақ бұл жерде өрттің келесі жағдайлары да болу қаупі бар.

"Ол жерде әйнек бар. Оның қалай тұтанатынын өз көзіммен көрдім. Басты мәселе - ұялы телефонның аккумуляторы. Бульдозер жүріп өткенде, ол жарылып, жанып кетеді. Жазда өрттің негізгі себебі - батарейкалар", - дейді тұрмыстық қалдықтар полигон мекемесінің басшысы Әли Самратов.

Мамыр айында ғана өрт сөндіру бөлімшелері полигондағы өртті сөндіруге 10 рет шықты.

"Әр ауысым сайын, екі күнде шығып тұрдық. Кейде аптасына бір рет шығып, өртті сөндіретінбіз. Бірақ ол қайтадан тұтанады. Бұл адам факторынан болған жағдай емес. Тікелей күн сәулесі үлкейткіш әйнектің әсері секілді болады", - деді Қостанай ӨСБ-1 өрт сөндіру бөлімінің аға құтқарушысы Әсет Сейілханов.

Соңғы бір айда "Береке", "Алтын Арман" және "Юбилейный" шағынаудандарының тұрғындары түтінге көп шағымданған. Кең ауқымды құрылыстың арқасында полигонның жанында тұрғын үйлер салынды.

Полигон төңірегіндегі санитарлық қорғау аймағын эпидемиологтар тексерді. Ереже бойынша ол бір шақырымнан кем болмауы керек.

"Соңғы тексерісіміз бойынша 1250 метр болды. Бірінші дәрежелі қауіптілік бойынша санитарлық-қорғаныс аймағы сақталды. Полигон басқа жерге ауыстырылмайды", - дейді Қостанай қаласы бойынша бақылау департаменті санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы Алмат Байкенов.

Мамандар үйлер мен ықшамаудандардың полигонға жақын жерде орналасуы жерді бөлу процедурасының жеңіл болуынан екенін айтады.

"Жер телімдерін беру бойынша комиссия жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодекске және заңнамаға енгізілген басқа да өзгерістерге сәйкес бұл комиссиялар жойылды. Қазір жер телімдерін бөлумен құрылыс және жер комитеті экономикалық көзқарас бойынша айналысып жатыр" - деді Алмат Байкенов.

Полигондағы тұрғындардың іс-әрекетін экологтардың тексеруі жалғасып жатыр. Медициналық қалдықтар мен жануарлардың сүйектерін жағуға арналған қондырғыларға өтініштер келіп түскен жоқ. Экологтар тексеру қорытындысын маусым айының басында жариялауға уәде беріп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети