Қостанайдағы өрт: қару-жарақ дүкені директоры Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайдағы өрт: қару-жарақ дүкені директоры Нұр-Сұлтанға жеткізілді Фото:kstnews.kz

Қостанайда өрттен зардап шеккен "Оружейная палата" қару-жарақ дүкені директоры санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтанға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.


Қостанайда өрттен зардап шеккен "Оружейная палата" қару-жарақ дүкені директоры санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтанға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, санитарлық авиация желісі арқылы дүкендегі өрттен зардап шеккен ер адам Нұр-Сұлтандағы көпбейінді ауруханалардың біріне жеткізілген.

Дүкен директорының жағдайы тұрақты ауыр екені атап өтілді. Денесінің 50 пайызын күйік шалған науқасты емдеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын. Жақын маңда тұрған көліктер де өрттен зардап шеккен. Сонымен қатар, сегіз жекеменшік үй өртеніп кетті.

Қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс: қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети