20 маусым 2014 | 15:37

Қостанайдан Анталияны бетке алған ұшақ оқыс қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда демалмақ болған жолаушылар Қостанай әуежайында отыруға мәжбүр. ©Ng.kz Түркияда демалмақ болған жолаушылар Қостанай әуежайында отыруға мәжбүр. ©Ng.kz

Қостанай - Анталия бағытындағы жолаушылар ұшағы Қазақстанда оқыс қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық көлік прокуратурасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай - Анталия бағытындағы жолаушылар ұшағы Қазақстанда оқыс қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Чартерлік рейс Қостанайдан Анталияға 19 маусым күні сағат 04.57-де ұшуы тиіс болған. Ұшу бірнеше рет кейінге қалдырылып, ұшақ 20 маусым күні сағат 05.00-де әуеге көтерілді. Бірақ арада 15 минут өтпей жатып, жолаушылар ұшағы жерге оқыс қонған. Бортта 127 жолаушы болды.

"Наша газета" жариялаған жолаушылардың бірінің пікіріне қарағанда, олар Түркияға 14 маусымға арналған жолдаманы "Гульнар тур" компаниясынан сатып алған. "Мен екі баламмен сапар шеккім келді. Ұшуға бір апта қалғанда бізге сапардың 19 маусым күнгі сағат 05.00-ге ауыстырылғанын хабарлады. 18 маусым күні ұшудың 09.00-ға, кейін 21.00-ге, кейін 23.00-ге қалдырылғанын айтты. Сағат 02.00-де біз әуежайға келдік, тіркеуден өттік, ұшаққа отырдық, аспанға көтерілгеннен кейін ұшақ дірілдей бастады. Капитан стюардессаны шақырды, біз оның үрейленгенін көрдік. Қыз отырып, белдігін тағынды. Бәріміз үрейлендік. Біз оқыс төмендей бастадық, жолаушыларға ұшақтың техникалық себеппен шұғыл қонғаны хабарланды", - дейді жолаушылардың бірі. 

Жолаушылардың айтуынша, оқыс қонған ұшақ түтіндей бастаған. Адамдар наразы болғаннан кейін есік ашылды. "Бізге рейстің тағы кейінге қалдырылатынын айтты. Олар ұшақты жөндеп, сапарды жалғастырмақшы. Біз дәл осы ұшақтың Түркияда жарамсыз болуы себепті жолынан кешіктірілгені туралы естігенбіз. Біздің бұл ұшақпен ұшқымыз келмейді, бізге ақшамызды қайтарып берсін", - дейді жолаушылардың бірі.

"Гульнар тур" бұл оқиға туралы әзірше ешқандай түсінік бере қойған жоқ. Еске салайық, бұған дейін осы компанияның бірнеше чартерлік рейсі кестесінен кешіккен еді. Оған қазақстандық Jet Airlines компаниясы ұшағының Түркия аумағында найзағай мен бұршаққа тап болғаны себеп екені хабарланды. Жауған бұршақ ұшаққа зақым келтірген, бұл кезде бортта адам болмағандықтан, зардап шеккен ешкім жоқ.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети