Қостанайлық зейнеткер өзін өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайлық зейнеткер өзін өртеп жіберді © Мagicking.ru

Қостанайлық 67 жастағы зейнеткер Алексей Корбовский отбасындағы жанжалдан кейін өзін өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайлық 67 жастағы зейнеткер Алексей Корбовский отбасындағы жанжалдан кейін өзін өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнеткердің қызы Надежда Корбовскаяның айтуынша, әкесі психикалық ауытқуға ұшыраған. "Оның психикалық ауытқуға ұшырағаны жақын арада белгілі болды. Біз психоневрологиялық диспансерде дәрігердің қабылдауында болдық. Ол әкемізді ауруханаға жатқызу керек екенін айтқан, дегенмен біз бұған қарсы болған едік. Әкем анаммен жанжалдасып қалған болатын, осыдан кейін мен анамды әкеттім. Үйде жалғыз қалған әкем осыдан кейін өзін өртеп жіберген", - деді ол.

Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері Самат Шүменбаевтың айтуынша, жәбірленушінің жағдайы тым ауыр. "28 қаңтарда бізге денесінің 90 пайызын күйік шалған қарт адам түсті. Оның тыныс алу жолдарына зақым келген, денесі күйіп қалған. Сауығып кетеді деу өте қиын", - деді бас дәрігер.

Полицейлердің мәліметінше, осы дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы ("Денсаулыққа қасақана зиян келтiру") бойынша тіркеуге алынды. "Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, соның аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Негізгі нұсқалардың арасынан "тұрмыстық жанжал" тексеріліп жатыр", - деді Қостанай облысы ІІД төрағасы Елена Кашарина.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети