05 тамыз 2021 15:52

"Қойдың қиымен шомылдырған". Министрлік Желідегі баланың суретіне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Видеодан алынған

Әлеуметтік желі қолданушылары баланы "емдеу" үшін жануарлар қиын қолданған "емшінің" әрекеттеріне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желі қолданушылары баланы "емдеу" үшін жануарлар қиын қолданған "емшінің" әрекеттеріне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook-те жарияланған сурет сипаттамасында "Әйел баланы қойдың қиымен шомылдырған" деп жазылған. Автордың айтуынша, бұл әдісті желіде 180 мың оқырманы бар әйел қолданған.

Сондай-ақ, жазба авторы емшілер әлеуметтік желілердегі парақшасында балаларды көкжөтелден көгершіннің жылы қанымен емдеуді ұсынады деп шағымданды.

Реклама
Реклама

Балалар құқығын қорғау комитеті ІІМ-ге суретке байланысты тексеріс жүргізу үшін жүгінгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, емшілердің әдісі балалардың физикалық және психикалық денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.

"Өкінішке қарай, ата-ананың сенгіштігі ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасау ата-ананың міндеті. Ата-ана (заңды өкілдер) өз баласының өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша жауапты  болатынын білуі тиіс.

Сондай-ақ, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін", - деді комитет өкілдері.


Сондай-ақ, Tengrinews.kz редакциясы мән-жайды нақтылау үшін ІІМ-ге сауал жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram