1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

"Қойдың қиымен шомылдырған". Министрлік Желідегі баланың суретіне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр 05 тамыз 2021, 15:52

Әлеуметтік желі қолданушылары баланы "емдеу" үшін жануарлар қиын қолданған "емшінің" әрекеттеріне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған Видеодан алынған

Әлеуметтік желі қолданушылары баланы "емдеу" үшін жануарлар қиын қолданған "емшінің" әрекеттеріне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook-те жарияланған сурет сипаттамасында "Әйел баланы қойдың қиымен шомылдырған" деп жазылған. Автордың айтуынша, бұл әдісті желіде 180 мың оқырманы бар әйел қолданған.

Сондай-ақ, жазба авторы емшілер әлеуметтік желілердегі парақшасында балаларды көкжөтелден көгершіннің жылы қанымен емдеуді ұсынады деп шағымданды.

Балалар құқығын қорғау комитеті ІІМ-ге суретке байланысты тексеріс жүргізу үшін жүгінгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, емшілердің әдісі балалардың физикалық және психикалық денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.

"Өкінішке қарай, ата-ананың сенгіштігі ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасау ата-ананың міндеті. Ата-ана (заңды өкілдер) өз баласының өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша жауапты  болатынын білуі тиіс.

Сондай-ақ, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін", - деді комитет өкілдері.


Сондай-ақ, Tengrinews.kz редакциясы мән-жайды нақтылау үшін ІІМ-ге сауал жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram