Қозғалтқышы бөлініп кеткен: Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қозғалтқышы бөлініп кеткен: Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты видео кадры

Алматы – Өскемен тасжолының 94-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы – Өскемен тасжолының 94-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, Changan көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бір бағытта кетіп бара жатқан жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Соққыдан кейін көлік жол жиегіндегі қоршауға соғылған.

Осы сәтте артынша келе жатқан Toyota Estima Changan көлігін соғып, кейін инерциясымен жол жиегінде тұрған тіркемеге соқтығысқан.

"Changan көлігінің қозғалтқышы қарсы жолаққа ұшып кетіп, сол жерде келе жатқан Ford Focus көлігіне тиген", - делінген хабарламада.

Changan көлігіндегі жолаушылар оқиға орнында көз жұмған. Ал осы көліктің жүргізушісі мен Toyota Estima жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылды. Қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети