Алматы облысынан ұшқан "Тecnam-P 2002" бір моторлы ұшағының қозғалтқышы жұмыс істеуден бас тартып, ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД сілтеме жасап.

"24 шілдеде сағат 8.20-да Алматыдан № 32 бағытта ұшып шыққан бір моторлы "Тecnam-P 2002" ұшағы оқу-жаттығу ұшуын жасап жатқанда шұғыл қонды. Ұшақты Азаматтық авиация академиясының курсанты Р.Жұмағалиев басқарды. "Тecnam-P 2002" ұшағы Азаматтық авиация академиясы жанындағы тренинг орталыққа тиесілі", - деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД өкілдері.
Ұшақ Қаскелеңнен 180 шақырым жерге Жамбыл облысына қонған. Зардап шеккендер жоқ.