"Көзіме жас келді". Кішкентай патриоттар қазақстандықтарды таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Көзіме жас келді". Кішкентай патриоттар қазақстандықтарды таңғалдырды видео кадры

Тасқала ауылындағы балабақшада түсірілген ролик әлеуметтік желі қолданушыларын тамсандырды. Видеодан басында бір топ бүлдіршін ырғақты музыкаға секіріп, билеп жүргені көрінеді. Бір мезетте Қазақстанның әнұраны қосылады. Әнұранның алғашқы ноталарын ести сала балалар ойынды тоқтатып, салтанатты композицияны орындау үшін бір қатарға тізіле тұрады. Оқиға туралы толығырақ Tengri Life тілшісінің материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тасқала ауылындағы балабақшада түсірілген ролик әлеуметтік желі қолданушыларын тамсандырды. Видеодан басында бір топ бүлдіршін ырғақты музыкаға секіріп, билеп жүргені көрінеді. Бір мезетте Қазақстанның әнұраны қосылады. Әнұранның алғашқы ноталарын ести сала балалар ойынды тоқтатып, салтанатты композицияны орындау үшін бір қатарға тізіле тұрады. Оқиға туралы толығырақ Tengri Life тілшісінің материалында.

Бейнеролик 1,5 миллион қаралым, мыңдаған репост пен пікір жинады. Қазақстандықтар балалардың тәртібіне сүйсінсе, басқалары жетекшілеріне алғыс білдірді. Желі қолданушылары мұндай тәрбиешіден кейін балалардың моральдық құндылықтары туралы алаңдаудың қажеті жоқ екенін жазған.

@zvezdo4kka

Тәрбиешілердің еңбегі көрінеді осындай кезде?

♬ оригинальный звук - Звездо4ка

Балалардың күлкілі реакциясы кейбір қолданушылардың көз жасына ерік беріп, мақтануына себеп болды.

"Жандарм, сендерде бәрі жақсы болсын! Тап-таза жүректерін ұстап тұр!", "Көзіме жас келді! Балабақша тәрбиешілері мен басшылығына көп рақмет", "Кішкентай патриоттар үшін тәрбиешіге рақмет", "Балаларды мұндай тәртіпке үйрету оңай емес! Керемет", "Олар сондай күлкілі, жүгіріп, бірден жүректерін ұстап жатыр", "Ән айтқандарынан көзіме жас алдым", "Балапандар! Дендерің сау болсын", - деп жазады видеоның астына пікір қалдырғандар.

Tengri Life тілшісі "Бөбек" балабақшасының тәрбиешісі Жұлдыз Жұмашеваға хабарласып, мән-жайды білді. Оның айтуынша, ол бейне интернетте танымал болады деп күтпеген.

"Біздің балабақша Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауылында орналасқан. Видеода менің тәрбиеленушілерім, олар - 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалар. Балаларға ерте жастан ережелерді үйретеміз, әнұранды қалай орындау керек екенін түсіндіреміз және оның қандай құндылығы бар", - деді Жұлдыз Рахматиллоқызы.

Кішкентай болғанына қарамастан, барлық бала әнұранның сөздерін басынан аяғына дейін біледі. Жұлдыз Рахматиллоқызы балалар үлкендерден үлгі алатынын, сондықтан ең алдымен өздері тәртіп бұзбауға тырысатынын және балаларға үйрететін нұсқауларды ұстанатынын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети