01 қазан 2017 21:18

Көзіме шөп салдың деп әйелін көшеде сабаған ер адам анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудный полицейлері әйелін жолдың бойымен шашынан сүйреген ер адамның кім екенін анықтады. Оқиға әлеуметтік желілерде пайда болған, - деп хабарлайды "Алау" Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Рудный полицейлері әйелін жолдың бойымен шашынан сүйреген ер адамның кім екенін анықтады. Оқиға әлеуметтік желілерде пайда болған, - деп хабарлайды "Алау" Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Белгісіз ер адам видеода белгісіз әйелге дене жарақаттарын салған. Осы дерек бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Бірінші жедел-тергеу шараларының барысында 33 жастағы жәбірленуші мен 35 жастағы күдікті анықталды. Екеуі де Рудный тұрғындары. Бұл баптың жазасы екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары, немесе екі жылға бас бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода ер адам әйелді жолдың бойымен сүйрегені көрінеді. Қыздың бет-аузы қан-жоса болған. Оған көшедегілер жақындап, әйелге зомбылық көрсетпеуін сұрайды. "Бұл менің әйелім. Ол менің көзіме шөп салды", - дейді ер адам. Сонда әйел: "Бұл өтірік! Шөп салған жоқпын! Ол мас!" - дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети