30 мамыр 2014 | 19:46

ҚР ІІМ Алматы мен Қарағандыда маньяк бар деп жалған қауесет таратқандарды іздестіруде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фоторобот vk.com әлеуметтік желісінде орналасқан Фоторобот vk.com әлеуметтік желісінде орналасқан

Қарағанды мен Алматы қаласындағы ойын алаңдарынан балаларды ұрлап әкететін маньяк туралы жалған қауесет таратқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның ІІМ хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды мен Алматы қаласындағы ойын алаңдарынан балаларды ұрлап әкететін маньяк туралы жалған қауесет таратқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның ІІМ хабарлады. 

Мұндай қауесет 30 мамырда тараған. Ғаламтор пайдаланушылардың бірқатары ер адамның суреті көрсетілген хабарлама алған. Онда Алматы мен Қарағанды қалаларында балаларды ұрлау әрекеті орын алғаны және "фотороботы" көрсетілген суреттегі адамға іздеу жарияланғаны жазылған.

Анонимді хаттың авторлары хабарламаны алғандардан, оны ары қарай таратуын сұраған. Ал ІІМ бұл қауесетті арандатушылық деп атады. "Әлеуметтік желілерде Қарағанды мен Алматы қаласындағы ойын алаңдарынан балаларды ұрлап әкететіндер туралы қауесеттердің тарауына, сондай-ақ пайдаланушылардың парақшаларында куәгерлердің сөздері негізінде жасалды делінген «фотороботтың» орналасуына байланысты ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, аталған ақпараттың ішкі істер органдары тарапынан тарамағандығын және мақсатты араңдату әрекеті екендігін хабарлаймыз", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. Сонымен бірге ІІМ бұл фактіге қатысты тексеру жүргізілетіндігін жеткізді. "Жалған қауесеттердің жарияланымы мен таралу фактісі бойынша тексеріс жүргізілуде. Еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалған ақпарат тарату фактісі үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 6 мамырындағы ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, жалған қауесет таратқандар он жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Айта кетейік, бұл азаматтарға берілетін жазаның ең ауыры. Сондай-ақ, 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түрі де қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети