"Кішкентай, артық бермейді". Алматы перзентханасында жаңа босанған әйел тамаққа шағымданды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кішкентай, артық бермейді". Алматы перзентханасында жаңа босанған әйел тамаққа шағымданды Видеодан алынған кадр

Жаңа босанған әйел әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 1 перзентханада жүкті және босанатын әйелдерге берілетін тамаққа шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа босанған әйел әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 1 перзентханада жүкті және босанатын әйелдерге берілетін тамаққа шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-дағы топтардың бірінде жаңа туған нәрестесі бар анаға арналған тамақ түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан ыдыстағы тамақ мөлшері онша үлкен емес екенін көруге болады. Мұндай тамақ №1 перзентханада берілетіні айтылды.

"Үнемі тамаққа байланысты мәселе туындайды: көлемі аз әрі артық бермейді. Бірақ басқасы қалыпты сияқты. Көрсетілетін қызмет бойынша мәселе жоқ", - делінген видеодағы жазбада.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі босанған әйелдің шағымына жауап берді. Ведомство мәліметінше, жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге арналған перзентханада тамақ "тамақтанудың табиғи нормаларына" сәйкес беріледі. Үкімет бұл нормаларды 2002 жылдың қаңтарында бекіткені айтылды.

"Жүкті әйелдер мен босанатын әйелдердің тамақтануы диеталық тамақтануға, соның ішінде №15 диеталық кестеге сәйкес жүргізіледі. Күнделікті ас мәзірі белгіленген бағдарлама бойынша күн сайын бекітіледі. Диетолог үнемі қадағалап отырады. Науқастардан шағым түскен жоқ", - деді ҚДБ қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети