14 мамыр 2015 | 18:10

Куәгер Астанадағы екі қыздың өз-өздеріне қол салуы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. © Tengrinews.kz Оқиға орны. © Tengrinews.kz

Куәгер Астанада көпқабатты үйдің балконын секіріп кеткен екі оқушы қызға қатысты оқиғаны баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Куәгер Астанада көпқабатты үйдің балконын секіріп кеткен екі оқушы қызға қатысты оқиғаны баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқиға бүгін таңертең сағат 9.45-те болды. Мен темекі шегіп тұрғанмын, алдымнан бірдеңе өте шықты. Төмен қарасам, екі адамның денесі жатыр. Жедел жәрдем номерін тердім, абыржып қалдым, көшедегі әйелге: "жедел жәрдем шақырыңдар, екі адам құлап кетті", деп айқайладым. Жедел жәрдем мен тергеу тобы келді. Қыздардың түрін көрген жоқпын. Криминалдық полицияның мәліметінше, екі қыз да 1999 жылғы", - деді Серік Мұқанов.

Оның айтуынша, қыздардың үстінде бірдей кроссовка мен шалбар болған. Қыздар секіріп кеткен жерде орындық әлі тұр.

Бұған дейін, Астанада екі оқушы қыздың тұрғын үй балконынан секіріп кеткені хабарланған болатын. Тергеу басталды.

"Суицид дерегі бойынша полиция қызметкерлері Құдайбердіұлы даңғылында болған оқиғаның жай-жапсары мен кәмелет жасқа толмағандарды мұндай қылмысқа итермелеген себепті анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети