16 мамыр 2017 | 14:39

Куәгер телемұнарадан секіріп кеткен ерлі-зайыптының суицид алдында не істегенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қурайлы ауылының әкімі Мақпал Тұрмағамбетова. © Tengrinews.kz коллажы Қурайлы ауылының әкімі Мақпал Тұрмағамбетова. © Tengrinews.kz коллажы

Қурайлы ауылдық округінің әкімі Мақпал Тұрмағамбетова телемұнарадан секіріп кетіп, қаза тапқан ерлі зайыптыны қалай құтқармақ болғаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Суицид жасаған Владимир Шустер мен Асель Дүйсенбаева осы ауылда тұрған. 


Иконка комментария блок соц сети

Қурайлы ауылдық округінің әкімі Мақпал Тұрмағамбетова телемұнарадан секіріп кетіп, қаза тапқан ерлі зайыптыны қалай құтқармақ болғаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Суицид жасаған Владимир Шустер мен Асель Дүйсенбаева осы ауылда тұрған. 

Айта кетейік, марқұм әйелдің артында жеті жасар қызы, ал ер адамның артында үш жасар баласы қалды. Сонымен қатар, Ақтөбе білім басқармасының мәліметінше, қаза тапқан әйел жүкті болған. 

Әкімнің айтуынша, қайғылы оқиға алдында телевизиялық мұнараға барлық атқарушы және құқық қорғау органдары барған. 

"Мен бұл балаларды білемін (ерлі-зайыпты Владимир мен Асельді айтып отыр - Авт.). Өзім емделіп жүрсем де, жүрегім шыдамай, оқиға орнына асықтым. Көмегім тиіп қалар деп ойладым. Жеткенімде олар жоғарыда тұрды, ешкімді тыңдамады. Мұнараға ешкімді жолатпады. Полицияға да, құтқарушыларға да тыйым салды. Тіпті Асельдің шешесі жақындағысы келген, жылап, өтінген, бірақ оны да жақындатпады. Мұндай болады деп ойлаған да жоқпын. Өкінішке қарай, біз көмектесе алмадық. Олар секіріп кетті. Олар жақсы отбасыдан шыққан. Шустерді ата-әжесі баққан, ауылда барлығымен бірдей-ақ тұрмыс кешіп жатқан. Асель де солай. Екеуі көршілес тұрған", - дейді Мақпал Тұрмағамбетова.

Сөйтсек, телемұнара ескі әрі жұмыс істемей тұрыпты. Әкімнің сөзінше, телемұнара ешқашан қоршалмаған.

"Олар шамамен 70 метр биікке көтерілді. Оған шығуға арналған баспалдақ бар. Әр деңгейінде алаңы бар. Олар сол алаңдардың бірінде тұрды. Мен оқиға орнында барғанда олармен сөйлесе бастадық. Полицияның дыбыс зорайтқышы болды. Бастапқыда мен айғайлап көрдім, бірақ қиын болды, сондықтан полицейлердің аппаратын алып, олармен сөйлесе бастадым. Бастапқыда олар қоршаудың сыртында тұрды, яғни ендігі секіруге дайын тұрды. Менімен сөйлескеннен кейін сабырға келгендей болған, қауіпсіз жерге қарай жылжыған, сосын олар бір-бірімен жанжалдасып қалды, не айтып жатқанын ести алмадық. Төменге түсуге келіскендей де болған еді. Бірақ... қайғылы оқиға болды. Жоғарыда арнайы сым болған, екеуі де соған ілініп алды да, бір уақытта жібере салды", - деп баяндады оқиғаны куәгер.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Владимир Шустер мен Асель Дүйсенбаева есірткі қолданбаған.

"Мұндайларын байқамадым. Қазір нақты бірдеңе деп растап сөйлеуден қорқамын. Сектаға да жоламаған. Мұндайларын ешқашан байқалмаған. Асельді бала кезінен білемін. Жақсы қыз еді. Әрдайым күліп-ойнап жүретін. Өмірлерінде бір өзгеріс болған шығар, бірақ онысын ешкім байқамады. Ал біздің Вовканы Шустик деп атаушы едік, ол кезінде туберкулезге шалдыққан, кейін емделген. Ол жақсы жұмыс істеді. Ішіп жүргенін де байқамағанмын. Әрдайым көлікпен жүретін. Жаман сөз айта алмаймын. Мұны естігенде есеңгіреп қалдым", - дейді ол. 

Еске салайық, оқиға 15 мамырда болған. Ерлі зайыпты телемұнараға шығып, секіріп кеткен. Олар оқиға орнында қаза тапты. Кейін ерлі-зайыптыға қатысты жантүршігерлік деректер анықталды. Өз кезегінде Ақтөбенің білім басқармасындағылар әкесі мен өгей шешесі телемұнарадан секіріп кетіп, қаза тапқан жеті жасар Кристина Шустер жайлы айтып берген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети