Куәгерлер Алматыда 4 айлық сәбидің жол апатынан қайтыс болуы жайлы өз нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлер Алматыда 4 айлық сәбидің жол апатынан қайтыс болуы жайлы өз нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот екі мас әйелдің автомобильмен 15 жастағы қыз бен балаарбадағы 4 айлық сәбиді қағып кеткені жайлы істі қарап жатыр. Айта кетейік, екі әйелдің бірі, жүргізу куәлігінсіз автомобиль жүргізді деп айып тағылып отырған Зайра Серікбаеваның адвокатының өтінішінде жол апаты кезінде тізгінде оның емес, автомобиль иесі Айгүл Есембаеваның отырғаны жазылған.
Осыған дейін арақ ішкен әйелдің жүргізу куәлігі жоқ құрбысына өз көлігін бергені айтылған еді. Сонымен қатар, жаяуларды қаққан жүргізушінің көлікті тоқтатпай, басқа көліктерге соқтығысқаны белгілі. Адвокат бұл жағдайды нақтырақ тексеру керек екенін айтады.
Ал куәгерлердің берген жауабы бұл нұсқаларға ішінара сәйкес келеді. Қайтыс болған сәбидің туысы соққы даусын естігеннен кейін көшеге жүгіріп шыққанын айтты, яғни көліктің жаяуларды соққаннан кейін тағы басқа көліктерді соққаны мәлім болып отыр. Ол кімнің тізгінде отырғанын нақты көре алмаған, алайда оның айтуынша, жол апатын бейнебақылау камералары түсіріп алыпты. Видеоны көрген олар көлік иесінің жолаушы орындығында отырғанын, бірақ тізгінге жармасқанын айтты.
Айта кетейік, жол апатын жасады деп айыпталып отырған Серікбаева кінәсін ішінара мойындап отыр. Автомобиль иесі Есембаева автомобильді жүргізуге құрбысына рұқсат бергенін толықтай мойындаған.
Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Алматыда 2 мамырда түнгі уақытта "Қалқаман" ықшамауданында болды. 34 жастағы жергілікті тұрғын Toyota RAV4 маркалы көлігімен Лапин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тоқтап тұрған Mercedes көлігіне соқтығысады, кейін қозғалысын жалғастырып екі жаяуды қағады: 15 жастағы қыз бен балаарбадағы төрт айлық сәбиді қағады. Сәби оқиға орнында қаза тапты, 15 жастағы қыз аяғы сынып, Бірінші балалар ауруханасына жатқызылды.