Шымкенттің мейрамхансынан жаппай астан уланған 11 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Шымкенттің мейрамхансынан жаппай астан уланған 11 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Қонақтар құдалыққа жиналғаны анықталып, отырыстың бір-екі сағатынан кейін өздерін жайсыз сезінген. Барлығының ауру белгісі бір: жүрек айнуы, іш өтуі мен құсу. Инфекциялық аурухананың дәрігерлері астан уланды деген диагноз қойды. Алайда неден уланғаны әлі анықталмаған.
Қонақтар өз кезегінде балық пен қымыз ішкенін айтады.
"Біз құдалыққа сағат үште келдік. Кешкі жетілерге таман өзімді жайсыз сезіне бастадым. Үйіме қайтып, жедел-жәрдем шақырдым. Мейрамханада барлығы 50 адам болды", - деді қонақтардың бірі.
Полиция қызметкерлері санитарлық нормалардың бұзылған-бұзылмағанына тексеріс жүргізіп жатыр.