24 наурыз 2024 | 12:43

Күдікті көлікті куу, атыс және адам өлімі: полиция Степногорсктегі оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Степногорск полициясы 23 наурызда болған жол-көлік оқиғасы және атыс туралы толығырақ ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Степногорск полициясы 23 наурызда болған жол-көлік оқиғасы және атыс туралы толығырақ ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, 23 наурызда Степногорсктің полиция қызметкерлері тоқтау туралы талапты орындамаған Toyota Land Cruiser көлігін байқаған. Артынша құқық бұзушы басқа көлікпен жол-көлік апатына ұшырап, оқиға орнынан кетіп қалған.

"Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстау туралы шешім қабылдап, көліктің арына түсті. "Құқық қорғау қызметі туралы" бапқа сәйкес, көлікті тоқтату үшін қызметтік қару қолданылды.

Қозғалысын тоқтатпай, құқық бұзушы тасжолға шығып, Audi 80 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, оның ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болған", - деп хабарлады полиция.

Полицейлер мәліметінше, апат салдарынан үшеуі де оқиға орнында қаза болған. Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу басталды.

"Медициналық сараптама Toyota Land Cruiser жүргізушісінің мас болғанын көрсетті. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Toyota Land Cruiser жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети