Құлаған Су-27 ұшқыштарының сүйегі табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ерлан Науанов. ©24.kz Ерлан Науанов. ©24.kz

Алматы облысында 23 қыркүйек күні құлап түскен Су-27 ұшағы ұшқыштарын іздеу барысында ұшақты басқарған подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтың сүйек бөлшектері табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бүгін, яғни сәрсенбі күні кешкісін хабарлаған. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 23 қыркүйек күні құлап түскен Су-27 ұшағы ұшқыштарын іздеу барысында ұшақты басқарған подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтың сүйек бөлшектері табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бүгін, яғни сәрсенбі күні кешкісін хабарлаған. 

"Қосымша ақпараттар арнайы комиссия жұмысының қорытындысы шыққаннан кейін жарияланады" - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Естеріңізге саламыз, Су-27 ұшағы 23 қыркүйек күні Алматы облысында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған. Әскери ұшақ Көксу елді мекенінің маңына құлап, машина қалдықтары 500 метр радиуста шашылып қалған. 

Бұған дейін ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Марат Уашпаев Су-27 қарапайым метеорологиялық жағдайда, орташа биіктікте, әскери жарақ жиынтығынсыз ұшырылғанын айтқан еді. Марат Уашпаев "экипаж мүшелерінің тәжірибелі, жоғарғы санаттағы ұшқыштар екенін" де айтып өткен болатын. 

Іздестіру операциясына төрт тікұшақ, 10 іздеу тобы, автокөліктер, барлығы 60-қа жуық адам жұмылдырылды.

Әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Құлаған ұшақ 2009 жылы Беларусьте күрделі жөндеуден өткен, ол тағы үш жылға дейін пайдалануға жарамды болған.

Төтенше оқиғадан кейін Қазақстанда Су-27 жойғыш ұшақтарын пайдалану тоқтатылды. КТК телеарнасының нақтылауынша, Қазақстан армиясында мұндай ұшақтардың жалпы саны - 25.

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың айтуынша, Су-27 аспанға көтерілгеннен кейін алты минуттан соң құлаған. Экипаждан ешқандай дабыл түспеген. "Экипаж ештеңе хабарламады, ұшақ аударылған күйде жерге кіріп кеткен. Бір дыбыс болған, жетекші қайталап сұраған, ешкім жауап бермеді", - деді депутат.

Алтынбаевтың пікірінше, оқиғаға штаттан тыс жағдай себеп болуы мүмкін. "Өз тәжірибемнен айтар болсам, жойғыш ұшақ бұлай бұрыштап құлаған кезде одан ештеңе қалмайды. Двигательдері ауыр, жерге терең еніп кетеді. Ұшақтың өзі быт-шыт болған. Қазір ұшақтағы объективті бақылау құралы табыла ма, білмеймін. Қиын. Ұшқыштардың дайындығы нашар болған деген жорамал бірден жоққа шығарылды. Бұл әдеттен тыс жағдай", - деді бұрынғы министр "Астана" телеарнасына берген сұхбатында. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro