"Астана-Алматы" жолаушылар пойызы теміржолды кесіп өтпекші болған қызды қағып, мерт қылды. Оқиға 2 қыркүйекте таңғы уақытта Отар-Алматы-1 аумағында, Шамалған бекетіне жақын маңда болған, - делінген "ҚТЖ - Жүк тасымалы" сайтында.

№ 232 пойызының машинисі теміржолда бөтен адамның жүруіне байланысты дереу тежегішті басқан. Алайда қағып кетудің жолын алу мүмкін болмады. "Оқиға барысында қыз бала құлаққаппен келе жатып, машинистің дабылын елемеген", - делінген хабарламада.
Қаза болған қыздың кім екені анықталды. Оқиға туралы ақпарат Шамалған бекетінің Көліктегі желілік ішкі істер полиция бөлімшесіне тапсырылды.