03 қыркүйек 2017 13:24

Құлаққап киіп, жолдан өтпек болған қызды пойыз басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktzh-gp.kz © ktzh-gp.kz

"Астана-Алматы" жолаушылар пойызы теміржолды кесіп өтпекші болған қызды қағып, мерт қылды. Оқиға 2 қыркүйекте таңғы уақытта Отар-Алматы-1 аумағында, Шамалған бекетіне жақын маңда болған, - делінген "ҚТЖ - Жүк тасымалы" сайтында. 

№ 232 пойызының машинисі теміржолда бөтен адамның жүруіне байланысты дереу тежегішті басқан. Алайда қағып кетудің жолын алу мүмкін болмады. "Оқиға барысында қыз бала құлаққаппен келе жатып, машинистің дабылын елемеген", - делінген хабарламада. 

Қаза болған қыздың кім екені анықталды. Оқиға туралы ақпарат Шамалған бекетінің Көліктегі желілік ішкі істер полиция бөлімшесіне тапсырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети