Күн жылына сала Шымкентте улы жылан қаптаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күн жылына сала Шымкентте улы жылан қаптаған Фото:depositphotos.com

Шымкентте улы жылан қаптады. Бауырмен жорғалаушылар күн жылынғалы көбейген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте улы жылан қаптады. Бауырмен жорғалаушылар күн жылынғалы көбейген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандардың сөзінше, жыландар жеке тұрғын үй секторында көп кездеседі. Осы айдың өзінде 13 адам "үйімізге жылан кіріп кетті" деп құтқарушы шақыртқан.

Телеарна мәліметінше, ауланған зиянкестердің көбі - өте улы саналатын шұбар және оқ жыландар. "Шағылысатын кезеңі мен күннің ыситын уақыты алда екенін ескерсек, жыландар бұдан да көп болады" дейді мамандар.

Былтыр көктем, жаз айларында 286 бауырмен жорғалаушы ұсталған. Бәрі қайтадан қала сыртына жіберіледі екен. Сондықтан мамандар табиғат аясына серуендеуге шыққанда сақ болуға кеңес берді.

"Құтқарушының бірінші міндеті - тұрғындардың қауіпсіздігі, көмек көрсету. Шымкент үлкейіп кетті. Кейінгі салынған шағынаудандар бар, сырт жақтан көп шақырады. Бір үйге 3-4 мәрте барған кезіміз болған", - дейді Шымкент ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Рауан Дүйсенбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети