Курчатовта "Коммуналдық көпсалалық пайдалану кәсіпорны" МҚК №2 қазандығында өрт шығып, бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ШҚО облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 наурыз күні сағат 10.17-де өртке қарсы қызмет пультіне қазандық диспетчерінен сағат 08.00 шамасында ғимаратта электр сымдары жанғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жүргізілген тексеру барысында №2 қазандық ғимаратындағы электр тарату бөлмесінде ауданы 2 шаршы метр болатын электр сымдарының өртенгені белгілі болды.
"Өртті өз күшімен сөндіру кезінде қазандықтың аға қызметкері - 1953 жылы туған азамат түтінге тұншығып қалып, Курчатов қалалық ауруханасының жарақат бөлімшесіне орта ауыр жағдайда түсті. Өрттің себебі бойынша екі болжам қарастырылып жатыр: электр жабдықтарын жөндеу мен пайдалануда өрт қауіпсіздігі техникасының сақталмауы және жабдықтардың апатты режимде жұмыс істеуі", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына өртсөндіру және апаттық-құтқару күштері дер кезінде шақырылмаған.