Ахмет Жайлыбаев. "31 канал" кадры
"Қарағандыдағы әскери мектеп-интернат басшылығы курсанттың балконнан секіріп кетуіне ата-анасы айыпты деп отыр. 16 жастағы зардап шегуші курсант Шыңғыс Аманкелдинов бесінші қабаттағы балконнан құлап кеткен" деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 канал" телеарнасына сілтеме жасап. Әскери мектеп-интернат басшысы Ахмет Жайлыбаевтың айтуынша, Шыңғыс Аманкелдинов отбасымен арадағы кикілжіңге байланысты өзіне қол жұмсамақ болған. "Астанадан келе жатқанда Керімбаев Аманкелдиновтен "неге көңілсіз, тұнжарайып отырсың?" деп сұраған. Ол "сынақтан төмен балл алғанымды айтып едім анам айғайлап ұрысты. Енді қанша телефон шалсам да сөйлеспей жатыр" деп шағымданған", - дейді Жайлыбаев. Сонымен қатар ол "курсант Аманкелдиновті кешіккені үшін мектеп-интернатқа кіргізбей қойған деген ақпарат жалған" деді. Жайлыбаевтың сөзіне қарағанда, курсант вокзалдан түскен бойда курстасының үйіне барған. Жасөспірімнің көңіл-күйі болмаған, тіпті ол тамақ жеуден де бас тартқан. Ұйықтауға жатқан соң, бір кезде бөлмеде жел соққаны сезіледі, бөлмеге барған курсанттар балконның ашық екенін байқаған. Қараса Шыңғыс жерде жатқан екен. Мектеп-интернат директоры Шыңғыстың ата-анасын ақпаратты бұрмалап отыр деп айыптап, егер оның өзіне қол жұмсамақ болғаны расталса, курсант оқуын жалғастыра алмайтынын айтты. Директордың айтқандарын өзге курсанттар да растап отыр. Естеріңізге салсақ, аталмыш оқиға ақпан айының соңында орын алған болатын. Аманкелдинов шажырқайдың жыртылуы, жамбас сүйектің сынуы, ішке қатты соққы тию диагнозымен ауруханаға түскен. Курсанттың ата-анасы болса, баламызға қатысты қылмыс орын алды деп отыр. "Ол суицидке баруы мүмкін емес. Бұған сенбеймін. Оны балконнан итеріп жіберген не секіруге мәжбүрлеген", - дейді Шыңғыстың әкесі Аманбек Жасаров.
"Қарағандыдағы әскери мектеп-интернат басшылығы курсанттың балконнан секіріп кетуіне ата-анасы айыпты деп отыр. 16 жастағы зардап шегуші курсант Шыңғыс Аманкелдинов бесінші қабаттағы балконнан құлап кеткен" деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 канал" телеарнасына сілтеме жасап.
Әскери мектеп-интернат басшысы Ахмет Жайлыбаевтың айтуынша, Шыңғыс Аманкелдинов отбасымен арадағы кикілжіңге байланысты өзіне қол жұмсамақ болған. "Астанадан келе жатқанда Керімбаев Аманкелдиновтен "неге көңілсіз, тұнжарайып отырсың?" деп сұраған. Ол "сынақтан төмен балл алғанымды айтып едім анам айғайлап ұрысты. Енді қанша телефон шалсам да сөйлеспей жатыр" деп шағымданған", - дейді Жайлыбаев.
Сонымен қатар ол "курсант Аманкелдиновті кешіккені үшін мектеп-интернатқа кіргізбей қойған деген ақпарат жалған" деді. Жайлыбаевтың сөзіне қарағанда, курсант вокзалдан түскен бойда курстасының үйіне барған. Жасөспірімнің көңіл-күйі болмаған, тіпті ол тамақ жеуден де бас тартқан. Ұйықтауға жатқан соң, бір кезде бөлмеде жел соққаны сезіледі, бөлмеге барған курсанттар балконның ашық екенін байқаған. Қараса Шыңғыс жерде жатқан екен. Мектеп-интернат директоры Шыңғыстың ата-анасын ақпаратты бұрмалап отыр деп айыптап, егер оның өзіне қол жұмсамақ болғаны расталса, курсант оқуын жалғастыра алмайтынын айтты. Директордың айтқандарын өзге курсанттар да растап отыр.
Естеріңізге салсақ, аталмыш оқиға ақпан айының соңында орын алған болатын. Аманкелдинов шажырқайдың жыртылуы, жамбас сүйектің сынуы, ішке қатты соққы тию диагнозымен ауруханаға түскен. Курсанттың ата-анасы болса, баламызға қатысты қылмыс орын алды деп отыр. "Ол суицидке баруы мүмкін емес. Бұған сенбеймін. Оны балконнан итеріп жіберген не секіруге мәжбүрлеген", - дейді Шыңғыстың әкесі Аманбек Жасаров.