Шығыс Қазақстан облысында жеке үйдің шатырынан құлаған 16 жастағы жасөспірім күртік қарға тұншығып қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстың жұмылдыру дайындығы басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, 28 желтоқсан күні Зырян ауданындағы Парыгино ауылында бірқабатты жеке үйдің шатырын қардан тазартып жатқан жасөспірім төменге басымен құлап кеткен. Ол күртік қардан шыға алмай, тұншығудың салдарынан қайтыс болды. 1998 жылы туған бозбала жергілікті колледждердің бірінде оқыған.
Еске сала кетейік, өткен жылы Павлодарда күртік қар, керісінше, бір ер адамды өлімнен құтқарып қалған еді. Ертіс үстіндегі көпірден құлаған ер адам қалың қарға түсіп, аман қалды.